t.me/pressmfakz

Мұрат Нұртілеу Қытай елшісін қабылдады

22.02.2024 07:13

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбаттастар ағымдағы жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.