Жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 10.01.2025 23:12 137

Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары телефон арқылы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады.

Ауыл шаруашылығы, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды. Сапардың екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуде үлкен белес болғаны аталып өтті.

Министрлер сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қозғап, жаһандық өзекті мәселелерді шешуде күш-жігерді үйлестірудің маңыздығын атап өтті.

Сонымен бірге 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.

Сұхбат қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстанның СІМ басшылары екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға