Мұрат Әбділдә түрмеде ән салып, шығармашылыққа оралмақ
Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Мұрат Әбділдәнің түзету мекемесінде ән айтып тұрған сәті түсірілген бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бейнежазбадан белгілі болғандай, колония аумағында шағын концерт ұйымдастырылып, онда Мұрат сахнаға шығып өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта ол жазасын Шымкенттегі №54 түзеу мекемесінде өтеп жатыр.
Блогер еркіндікке шыққаннан кейін шығармашылық жолын қайта жалғастырмақ ниетте екенін жеткізді.
Бостандыққа шыққан соң шығармашылықпен айналысамын, жаңа әндер дайындап қойдым. Жақсы жаңалық күтіңіздер, – деді Мұрат Әбділдә.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «Әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша сотталған болатын.
Былтыр ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді, алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін қайтадан колонияға жіберілді.

