Жаңалықтар

«Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау». Президент кімдерге шүйлікті

«Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау». Президент кімдерге шүйлікті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.02.2024 11:58 1191

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының дұрыс жүргізілмей жатқанына наразы,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол медицина инфрақұрылымын дамыту – өте маңызды міндет екенін жеткізді.

 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 655 нысан салу жоспарланған еді. Іс жүзінде оның тек 85-і ашылған. Мұның бәрі жұмыстың тиімсіз жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Жобалық-сметалық құжаттар тым баяу әзірленді, құрылыс ұзаққа созылды немесе нысандардың құны қымбаттап кетті деген себептер айтылып жүр. Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау. Басқа себебі жоқ деп ойлаймын. Қажет болса, министр де, әкім де кез келген мәселені шұғыл шеше алады. Демек, сондай ниет болмай тұр деген сөз, - деді Президент.

Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарланғанымен, техникалық құжаттар дер кезінде әзірленбеген, жер де уақытылы бөлінбеген айтты.

 Оған қоса, отандық өндірушілердің көбі жаңа мектептердің құрылысына қатыса алмайтынын айтып, шағымданып жүр. Үкіметке, әкімдерге және «Самұрық-Қазына» қорына ұлттық жобаларды жүзеге асыруға кедергі болып жатқан барлық мәселені дереу шешуді тапсырамын,- деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға