Жаңалықтар

«Мұны доғару керек» : Бектенов Үкімет мүшелерін шешімін айтты

«Мұны доғару керек» : Бектенов Үкімет мүшелерін шешімін айтты
Фото: t.me/KZgovernment 13.08.2024 12:20 502

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бейінді министрліктерге заңсыз импорттың жолын кесуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конкурсты жеңіп алған мердігер компаниялар қазақстандық өнімдер бола тұра, импорттық тауарларды сатып алуын жалғастырып келеді. Мұны доғару керек. Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын, - деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, отандық фармацевтика саласын дамыту аса маңызды. Өйткені бірінші жарты жылдықта еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5 пайызға ұлғайды.

Алайда, саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың электрондық сатып алу жүйесіне көшуін тездету қажет, - деді премьер-министр.

Ол бүгінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін өндірістің жаңа түрлерін игеру бойынша 65 меморандум бекітілгенін айтты.

Қазірден бастап офтейк-келісімшарттарға трансформациялау қажет. Энергетика министрлігі қыркүйек айының соңына дейін ірі мұнай-газ компаниялары мен қазақстандық өндірушілердің арасында ұзақ мерзімді келісімшарттардың кепілді түрде жасалуын қамтамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізуі қажет, - деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға