Жаңалықтар

Мұнай өнімдерін өндіруге қатысты жоба әзірленді

Мұнай өнімдерін өндіруге қатысты жоба әзірленді
Фото: Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі 14.01.2024 05:35 2425

«Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрықтың жобасын  әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау болып табылады, ұсынылып отырған түзетулер оны Заңда белгіленген құзыретке сәйкес «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болып болатын көздейді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді. Ал қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14890778. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 25 қаңтарына дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға