Мұнай-газ саласындағы сейсмикалық деректерді қашан ЖИ арқылы талдауға болады
Аудиторлық және консалтингтік компания Kept ресейлік және шетелдік мұнай-газ компанияларының цифрлық трансформация практикасы мен даму сценарийлерін зерттеді. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің саладағы жұмыс тәсілдерінің қалай өзгертіп жатқанын баяндады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нарық талдауы
2024 жылы Ресейдің мұнай-газ компаниялары IT-жобаларға 135 млрд рубль жұмсаған (890 млрд теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 155%-ға көп. Болашақта, 2030 жылға дейін, елдің отын-энергетикалық кешенінде нейротехнологиялар мен ЖИ-ге 130 млрд рубльге дейін инвестиция салынуы мүмкін (845 млрд теңге). Ал генеративті ЖИ-ге негізделген шешімдердің әлеуетті экономикалық әсері жыл сайын жоғарылап келеді.
Сала технологиялық прогрестің алдыңғы қатарында тұр: инновациялар өндірістік бағыттарда да, басқару және зерттеу бөлімшелерінде де белсенді енгізілуде. Бұл өзгерістерге бірнеше фактор әсер етеді:
- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясының кеңеюі,
- мұнай бағасының төмендеуі мен рентабельдіктің қысқаруы,
- қызметкерлер тапшылығы және еңбекақының өсуі,
- экологиялық талаптардың күшеюі.
Сонымен қатар, саладағы үлкен жауапкершілік, күрделі технологиялық процестер және қатаң қауіпсіздік талаптары жаңа технологияларды жедел енгізуге белгілі бір кедергілер тудырады.
ЖИ-дің пайдасы
ЖИ-жобалар мұнай-газ саласына нақты экономикалық тиімділік әкелуде. Мысалы:
ЖИ-ді енгізудің әсері ұзақ мерзімді, себебі кен орнын игеру ондаған жылдарға созылады. Бұған қоса, инновацияларға инвестиция компаниялардың жоғары технологиялы сала ретіндегі беделін арттырады.
Kept сарапшыларының пікірінше, ЖИ-ді қолданудың басты бағыты: сейсмикалық ақпаратты автоматты түрде талдау, ол геологиялық модельдеудің дәлдігін айтарлықтай жақсартады.
ЖИ мүмкіндіктері
Kept жүргізген сауалнамаға сүйенсек, мұнай-газ саласы өкілдерінің 60%-ы ЖИ 2030 жылға қарай толыққанды жұмыс құралына айналатынына сенімді. ЖИ қолданылатын негізгі бағыттар:
- аналитика және болжам жасау,
- заңдылықтарды анықтау,
- құжаттарды құру және өңдеу,
- мониторинг,
- рутиналық жұмыстарды автоматтандыру,
- дауыс арқылы басқарылатын ассистенттер.
ЖИ-дің көптеген мүмкіндігі тәжірибелік пилоттық жобалармен расталған.
Геологиялық барлауда ЖИ:
- сейсмикалық және геофизикалық деректерді талдайды,
- мұнай тұзақтарын анықтайды,
- қаныққан аймақтарды бағалайды,
- жарықшақтар мен қабат құрылымын модельдейді.
Логистикада - маршруттарды оңтайландырады, жөндеуді болжауға көмектеседі. Жасанды интеллектті құн жасаудың бүкіл тізбегінде қолдануға болады.
2035 жылға қарай ЖИ мыналарды қамтамасыз етуі мүмкін:
- сейсмикалық деректердің 70-80%-ын автоматты талдау;
- бурылау операцияларының 60-70%-ын роботтандыру арқылы апаттар санын азайту;
- мұнай-газ тасымалдау жүйелерін оңтайландыру арқылы OPEX-ті 10-15%-ға қысқарту;
- құжат айналымындағы рутинаны 50%-ға дейін автоматтандыру.
Басты қиындықтар
ЖИ қарқынды дамып жатқанымен, толық сенімге ие емес. Kept сауалнамасында қатысушылардың 91%-ы ЖИ-ді қолдануға дайын, бірақ оған толықтай сенбейтінін айтқан.
Басты мәселелер:
- "қара жәшік" проблемасы - күрделі модельдер шешім қабылдау логикасын ашпайды;
- киберқауіпсіздік тәуекелдері - ЖИ модельдері деректердің бұрмалануына өте сезімтал;
- IT/OT жүйелерін біріктірудегі осалдықтар;
- кадр тапшылығы және сапалы деректердің жетіспеуі.
ЖИ-дің болашағы
Бүгінде респонденттердің 20%-ы ЖИ рутиналық міндеттердің бір бөлігін өзіне алып жатқанын айтады. Сол уақытта 61%-ы ЖИ адамға көмектеседі, бірақ оны алмастырмайды деп санайды.
Басты міндет - қызметкерлерді оқыту. Адам-ЖИ бірлескен жұмысының қағидаттары әлі де толық қалыптаспаған.
Ұсынылатын шешімдер:
- Human-in-the-Looр - ЖИ шешімін адам міндетті түрде тексереді;
- түсіндіруге болатын модельдерді пайдалану. Өтімді ИИ-трансформация үшін:
- персоналды оқыту бағдарламалары,
- ашық деректерге қолжетімділік,
- IT-компаниялармен серіктестік,
- корпоративтік мәдениетті жаңарту қажет.
Kept компаниясының серіктесі Максим Малковтың айтуынша, әр ұйым ЖИ-ді енгізуде өзінің мақсаттары мен технологиялық дайындығын ескеруі керек. Салада ЖИ көшбасшылығын дамыту, кросс-салалық ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік маңызды рөл атқарады.

