Жаңалықтар

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың Жол картасы әзірленді

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың Жол картасы әзірленді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 14.10.2024 11:27 481

Энергетика министрлігі шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтитын «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын» әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемін 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту, мұнай-газ химиясында іске асырылатын және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, 14,7 млрд АҚШ доллары сомасына инвестициялар тарта отырып, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құра отырып, алты жобаны іске асыру, мұнай-газ химиясы жобалары үшін «ҰИМХТ» АЭА аумағында қажетті инфрақұрылым салу, мұнай-газ-химия саласының өнімдерін өткізу нарықтарын қамтамасыз етіп, ішкі тұтынуды ынталандыру, ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдайлар жасау көзделген.

Жол картасын ҚР Үкіметі бекітті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға