El.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс берді

19.03.2023 12:46

Елордада №322 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көзінің нашар көруіне байланысты 79 жастағы Рәзия Батырбекова сайлау комиссия мүшелерін үйіне шақыртқан.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс берді

Қазақстанда шешілмеген мәселе көп. Енді осы сайлаудан кейін елімізде жақсы өзгерістер болады деп сенемін,- деді Рәзия Батырбекова.

Сайлауға үйден дауыс беру мүмкіндігі барлық заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс берді