Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі балалар: елордада қандай ұйымдар көмек көрсетеді?

Мүмкіндігі шектеулі балалар: елордада қандай ұйымдар көмек көрсетеді?
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 14.06.2023 18:40 627

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Азамат Оспанов онлайн брифинг барысында мүгедектігі бар балалар мен ересектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі туралы мәселені қозғады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство өкілінің айтуынша басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады.

Аталған мекемелер мынадай бағыттар бойынша бөлінеді: психоневрологиялық патологиясы бар балалар (оның ішінде Даун синдромы), аутизм спектрі бұзылған балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар аталған мекемелермен жыл сайын 1936-дан астам адам қамтылады.

Бүгінгі күні қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Орталықтарда әзірленген стандарттар шеңберінде қызметтердің толық кешені көрсетіледі, қосымша балалар бассейнге барады және иппотерапия бойынша сабақтар өткізіледі, - дейді Азамат Оспанов.

Ол сөзін жалғай отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды («Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ, «Erekshe Analar» ҚҚ, «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Орда» Астана қаласының аутизмі бар балалар ата-аналарының бірлестігі» ҚБ, «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ, «Солнечный мир» ҚҚ) Оңалту орталықтарына жолдау жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес жүргізілетінін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға