30 Қараша 2017, 10:50

Сембек Сейдазимов

Сембек Сейдəзімов – тамаша басқарушы, менеджер жəне табысты кəсіпкер. Ол басқаратын «Кирпичник» ЖШС 10 миллион кірпіш шығарады жəне бұл көрсеткіш артып келеді. «Кирпичник» ЖШС облыстағы көптеген қайырымдылық істерге қатысады. Мəселен, С. Сейдəзімов көптеген білім беру нысандарының жəне Жамбыл облысы Ақбұлым ауылындағы мешіттің тұрғызылуына ықпал етті. Сембек Сейдəзімов Қызылдихан ауылында тұратын Гүлсара Ибраимованың отбасының баспанаға қол жеткізуіне көмектесті, Қызылауыт ауылының тұрғыны Ержан Таусаровқа, Тараз қаласының тұрғыны Рузванай Сансызоваға үй салып берді. Бұл тізімді жалғастыра берсек бірнеше парақ болар еді. Сембек Сейдəзімов жастардың білім алуына əрқашан айрықша көңіл бөліп келеді, өйткені адам капиталының дамуын орнықты дамудың ең маңызды факторы деп санайды. Ол жыл сайын мектеп үздіктеріне арнайы шəкіртақы тағайындайды, сондай-ақ мектепті үздік бітірген түлектерге 40 000 теңге көлемінде сыйлық береді.

Бөлісу: