09 ҚЫРКҮЙЕК 2022

Қостанайға көмек: экологтар үні, халықтың жылуы

«Бүгінгі тренд» — аптаның басты оқиғаларынан хабардар болғысы келетін жандарға арналған бағдарлама.

Халықтың ауызбіршілігі арқасында алғашқы күні-ақ Қостанай өңірін жанашыр азаматтар бірінші кезектегі қажеттілік заттарымен қамтамасыз етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы 35 млн-нан астам теңгеге барлық өңірдегі 40 Достық үйінен 233 тонна гуманитарлық көмек жинады.  Ал  «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін волонтерлер топтарын жасақтады. Әулиекөл ауданына еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам ерікті келді. Сондай-ақ аманаттықтар үш күн ішінде зардап шеккендерге 1214 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Осы бағдарламада: Қостанай өңірі халқының хал-ахуалы, көрсетілген көмек пен өрттің шығу себептерін білеміз.

Қонақта: Лаура Маликова – тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы, Бақтияр Хамит – журналист, кәсіпкер.