16 Тамыз 2022, 11:35

«Мені әлемге танытқан Димаш Құдайберген» - Айкерім Тілеубек

Айкерім Тілеубек. 15 жаста. Нұр-Сұлтан қ., №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 9А сыныбының оқушысы. Кішкентайынан әнге әуес болып, 3 жасынан бастап үлкен сахнаға шыққан. Көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы. 2019 жылы «Бақытты бала» халықаралық байқауын жеңіп, Димаш Құдайбергеннің  Нью-Йоркте аншлагпен өткен үлкен концертінде өнер көрсетті. 2018 жылы Түркияда өткен балалар ән байқауының жеңімпазы. «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының финалисі. «Qazaqstan дауысы. Балалар» телешоуының финалисі. Арманы-тарихта қалатын әнші болу. Димаш Құдайберген сияқты Қазақ елінің атын жаһан жұртына таныту.

Бөлісу: