15 Наурыз 2021, 14:05

Ежелгі дәстүр жаңғырды. Көрісу күні

Көрісу күні мейрамы – халықты береке-бірлікке, ынтымаққа бастайтын мереке. Осыған орай елордадағы мейрамханалардың бірінде ерекше шара өтті. Мұнда тұңғыш рет қазақтың ұмыт болған ежелгі жеті түрлі тағамы меймандарға кезек-кезек ұсынылды. Олардың арасында наурыз көже, орама «Көктем», түйе сүтінен жасалған бал-қаймақ және т.б бар. Сондай-ақ шара барысында құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен күйлер шырқалды.

Бөлісу: