31 ТАМЫЗ 2022

Ерсұлтан Омар: «Қазақ эстрадасына жаңа леп әкелгім келеді»

«Қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін әлемдік сахнада дәріптеу-арманым» -дейді, Ерсұлтан Омар. Дәстүрлі әрі эстрада әншісі көптеген республикалық конкурстардың жүлдегері, «Qazaqstan дауысы. Балалар-2022» жеңімпазы. Домбыраның құлағында ойнайды, «Алпамыс батыр» жырын жатқа біледі. Кішкентайынан шыңғырып ән айтқан жас талант, бүгінде кәсіби әншілік жолына түсіп, халық әндерін нақышына келтіріп орындап жүр. Димаш Құдайберген секілді тек, қазақ еліне ғана емес, жаһан жұртына есімін әйгілі еткісі келеді. Отбасындағы жалғыз баланың басты қолдаушысы-анасы.