Қандастар Ассамблея

Елбасының алғашқы жұмыс резиденциясына саяхат

ҚР Тұңғыш Президенті музейі 1997-2004 жылдары Елбасының алғашқы резиденциясы болған. Қазір мұнда қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихын көрсететін жәдігерлер сақтаулы тұр. Бірінші резиденцияның Мәжіліс залында облыс және қала әкімдерімен, Президент Әкімшілігі құрылымдарының жетекшілерімен жиындар өткен. Қазақстанның қалыптасуы мен тәуелсіз ел ретінде жасаған алғашқы қадамдарын осы музедегі құжаттардан байқауға болады. Алғаш рет өткен президент сайлауына қатысты құжаттар, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, Елбасының 1991 жылы жазған жазбалары, қызметтік куәліктер, 2006 жылы Президентті ұлықтау рәсіміне орай шығарылған естелік медальдер бар.