Қандастар Ассамблея

Дәстүрлі әншінің шаңырағындағы әз Наурыз

Наурыз мейрамы – көктемнің жарқын мерекесі. Қыстан аман шыққан халық наурыз келгенде жыл басы немесе жаңа күн деп ерекше қыласпен қарсы алған. Наурызға арнайы сыбаға сақталып, әрбір шаңырақта қазан көтеріліп, сүрленген ет асылып, сорпасына наурыз көже пісірген. El.kz интернет жобасы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында дәстүрлі әнші Жайлаубай Дінисламбектің шаңырағына арнайы қонаққа барып, әз мерекенің куәсі болып қайтты. Әр өңірдің, әр аймақтың өзіндік әдет-ғұрпы, ырым-нанымы бар. Таңдайына бұлбұл ұялаған әншінің шаңырағында біз Алтайдан ауып келген қандасымыздың қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрді ұстанудағы өзіндік ерекшелігіне тәнті болдық. Дінисламбек әннен шашу шашып, мерекеніңң шырайын кіргізді. Ұлттық құндылықтарымызды арқаның дәстүрімен астастыра ұлықтаған әнші отбасындағы әз Наурызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.