17 ТАМЫЗ 2022

Қазақстанға АЭС керек пе?

Әлемде көптеген мемлекет атом энергиясын пайдаланып жатыр. Қазір 19 елде 50-ге жуық энергетикалық реактор салынуда. Ал Қазақстанға АЭС қажет пе? Бұл тақырып қоғамда қызу талқылануда. Бір тарап атом ғасырында бізге мұндай АЭС салу қажет десе, екінші бір тарап қауіп-қатерге толы ажал ұясынан түбегейлі бас тартуымыз керек деп санайды. Ендеше «Бүгінгі тренд» бағдарламасы осы тақырыпқа сараптамалық шолу жасап көрелік.