24 Ақпан 2021, 14:44

Қазақ телевизиясының қара нары

Қазақ телевизиясының қара нары Нұртілеу Иманғалиұлы 69 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл қаза күллі қазақ журналистикасының қабырғасын қайыстырды. Көрермендерінің жүрегін «Бай, қуатты болайық!», "Патша көңілді көрермен" деген әдемі сөздерімен жаулаған белгілі журналист телевизия саласында қырық жылға жуық қызмет етті.
Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, қазақ журналистикасының мэтрі Нұртілеу Иманғалиұлы өз ортасына ғана емес, қалың көрерменге де сыйлы еді. «EL.KZ» ақпараттық-танымдық порталы назарларыңызға Нұртілеу Иманғалиұлының жарқын бейнесі туралы естелік материалды ұсынады.

Бөлісу: