30 Қараша 2017, 10:36

Арман Тосқанбаев

Қазақстандық жас кəсіпкер, инвестор, қоғам қайраткері, Жас кəсіпкерлер қауымдастығының  басшысы. Ол ісін жаңадан бастаған мыңдаған жас бизнесмендерге үлгі бола білді.  2008 жылы 16 жасында кəсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. 2009 жылы бұрын қолданыста болған компьютерлік жəне ұйымдастыру техникасын сататын алғашқы компьютер дүкенін ашты. 2014 жылы əріптестерімен бірге кəсіпкерлік қызметке оқытатын «Topflight» ЖШС компаниясын құрды. Сол жылы істі енді бастаған жас бизнесмендерге көмектесу үшін «Қазақстанның жас кəсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ жəне ЖК негізін қалады. Арман «Жаңа жасыл технологиялар» жəне «Zertis» компанияларын құрды, олар ауыл шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы компаниялар болып табылады. Бұл компаниялар көп сатылы Vertical farming қондырғыларында өсімдіктерді топырақсыз өсіру жөніндегі технологияларды əзірледі жəне қолданысқа енгізді. 2015 жылы Арман «ОTAN» сауда маркасымен сағат өндіретін UnitedBusinessGroup ЖШС компаниясын құрды.   

Бөлісу: