30 Қыркүйек 2020, 10:53

Аманжан ТУРСУНМУХАМЕТОВ: "Қазақстанда туып-өскенім үшін бақыттымын"

Аманжан Турсунмухаметовтың ұлты ұйғыр, Алматы облысының тумасы. Бүгінде Нұр-Султан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясының үрлемелі оркестрінде қызмет етіп жүр. Саз әлемінде қазақтың халық әндерін дәріптеп жүрген жаны қазақ азаматтардың бірі. "Бала кезімнен қазақ тілінде ән айтуға құштар болдым. Үнемі достарыммен қазақ тілінде сөйлесіп, дұрыс айтпаған жерлерімді түзетіп отыруларын сұрайтынмын" дейді елдегі бейбіт тұрмысты, ұлттар достығын жоғары бағалаған Аманжан.

Бөлісу: