«Жас ұлан» әскери мектебінің  бітіруші ұланы Еділ Тұрсынхановпен сұхбат

«Пайдалы подкаст» жобасының бұл санында әскери мектептің тәрбиеленушісі екі жылда сымдай тартылып шығатын жігіттердің күнделікті өмірі, әскери қатал тәртіпке бойұсыну, тұп-тура сағатпен жүруге дағдылану, сабақ процесі, бос уақыты және болашақ мамандығы жайында әңгіме өрбітеді. Сонымен қоса, келешекте осы білім ордасына түсуді жоспарлап жүргендерге пайдалы кеңестерімен және өзге де білуі қажет маңызды  мағлұматтармен  бөліседі.

Жоба жайында: «Пайдалы подкаст» («Полезный подкаст») апталық жобасының мақсаты студия қонағы ретінде шақырылған әр саланың мамандары ең маңызды сауалдарға жауап беріп, өз білгенімен бөліседі. Жобаның әр шығарылымы бір-біріне ұқсамайтын алуан тақырыптарымен ерекше. Онда жоба жүргізушісі шетелдік озық университеттерге тегін оқуға түсу, өз кәсібіңді ашудың қыр-сыры секілді қазіргі адамның білуі қажет көкейкесті тақырыптар жайында студия қонақтарымен әңгіме өрбітеді. Подкаст қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.

ТОЛҒЫРАҚ АШУ