Қандастар Ассамблея

Түркістанның жаңа театры «Бөрте» қойылымымен ашылды

13.10.2021


Түркі әлемінің бесігі саналатын Түркістанда жаңа театр ғимараты бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Сән-салтанаты мен сәулеті келіскен музыкалық драма театрдың алғашқы шымылдығы жазушы, драматург, мемлекеттің сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Бөрте» қойылымымен түрілді.