Нұр-Сұлтанда қалалық жұқпалы аурулар орталығы ашылды

24.04.2020



Елордада коронавирус індетін жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жұқпалы аурулар орталығы ашылды.

Бұл аурухананың ерекшелігі – коронавируске қатысты барлық халықаралық талаптарға сай. Мұнда барлығы 360-қа жуық медициналық маман жұмыс істейді.

Бір айта кетерлігі, аурухана бір мезетте 200-ге жуық адамға ем жүргізе алады.

Осы аурухананы  1000-ға тарта жұмысшы екі апта ішінде салып бітірген.