Фоторепортаж: Серік Нұрмолдаевтың «ROMANTIC SYBYZGY» атты тақырыптық кеші болды

14.02.2020


«Qazaqstan» орталық концерт залында Серік Нұрмолдаевтың «ROMANTIC SYBYZGY» атты тақырыптық кеші болып өтті. Мұнда композитор, әнші, актер, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты және «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі әртісі қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен көпшілікке танымал әуендерді орындап, жұртшылықтың жылы лебізіне бөлінді. Ән сүйер қауым кеште көне музыкалық аспаптың ерекше үнін естіп қайтты.

Серік Нұрмолдаев – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Өнертану ғылымдарының магистрі әрі «Мәдениет саласының үздігі» атты мемлекеттік медалігің иегері. 

Суреттер авторы: Артем Чурсинов