Фоторепортаж: Нұр-Сұлтанда үнділік Сарилер көрмесі өтіп жатыр

04.03.2020


Елордадағы Ұлттық музейде «Үнділік Сари: Ескірмейтін Әсемдік» атты Дәстүрлі Үнділік тоқыма өнімдерінің көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеге Үндістанның боялған, кестеленген, безендірілген көздің жауын алатын 33 түрлі  үнділік сари мен құнды жәдігерлер қойылған. Түрлі-түсті маталардан жасалған киім үлгілері Үнді еліндегі жергілікті халықтың мәдениетін сипаттайды. Сонымен қоса, сарилер ұзындықтары мен тоқылу ерекшеліктерімен және маталарымен бір-бірінен ерекшеленеді. Ал құнды жәдігерлер Үндістанның Уттар Прадеш, Керала, Тамил Наду, Махараштра және Батыс Бенгалия сынды өзге де штаттарынан әкелінген.

Мұнда келушілер үнді шеберлерінің қолынан шыққан түрлі әсем бұйымдарды тамашалай алады. Көрме осы айдың 15-не дейін жалғасады.

Суреттер авторы: Артем Чурсинов.