Фоторепортаж: «Абай тағылымы» атты ерекше көрме

09.08.2020


Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай тағылымы» атты иллюстративті-кітап көрмесі ашылған. Қазақтың бас ақыны Абайдың өмір жолы мен шығармаларын таныстыратын көрме сегіз бөлімнен тұрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге келушілер Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы жайында қолжазбалар мен құнды материалдармен де жан-жақты таныса алады. Жалпы бұл көрмеге 2000-нан аса кітаптар мен құжаттар қойылған.

 

Суреттер авторы: Бауыржан Жуасбаев.