Фоторепортаж: "Астана Опера" театрында классикалық және заманауи гала-балет өтті

30.01.2020

«Астана Опера» театрында көпшілік назарына классикадан заманауилыққа дейінгі гала-балет көрсетілді. Балетсүйер қауымға екі бөлімнен тұратын концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнел Рүстемова, халықаралық байқаулардың лауреаты Олжас Тарланов және Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушыларының орындауында Л.Минкус пен Э.Э.Дельдевездің «Пахита» балетінен дивертисмент, Анастасия Заклинская, Данияр Жұматаев және кордебалет әртістерінің орындауында Х.Левенсхольдтің «Силфида» балеті, Азиза Аймақова мен Жансерік Ахметованың орындауында В.Вайноненнің хореографиясындағы Б.Асафьевтің «Париж алауы» балетінен па-де-демон ұсынылды.

Гала-балетті дәстүр бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бахтияр Адамжан мен Әйгерім Бекетаева М.Петипаның хореографисындағы Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінен Гран-памен түйіндеді.

Бұл кеште «Астана Опера» симфониялық оркестріне Арман Оразғалиев жетекшілік етті.

Суреттер авторы Артем Чурсинов