Елордада Бақытжан Усембековтың «Ізденіс» атты кескіндеме және зергерлік өнер көрмесі өтіп жатыр

13.03.2020


Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмедегі суреттерде қазақ халқының тұрмыс салты бейнеленген. Жас суретші әрі зергер Бақытжан Усембеков өз жұмыстарында ата-бабаларымыздан жеткен әшекей бұйымдарды заманауи үлгіде жасауды ұнататынын байқауға болады. Мұндағы әшекей заттардың көбісі ежелгі сақтардың аң стилі кескінділеріне негізделіп, мыс, жез, күміс сынды металдардан жасалған.

Бақытжан Усембековтың картиналары түстер палитрасының көптеген реңімен боялған. Суреттер бір-бірімен сан алуандылығымен ерекшеленеді. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан туындыларға көбіне майлы бояуды пайдаланған.

Суреттер авторы: Бауыржан Жуасбаев, Артем Чурсинов.