Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды
15.02.2024 11:30
Фото:
kfb.kz
Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Танымал былғары қолғап шебері Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.
Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері (2000).
Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

