pixabay.com

Мүгедектікті белгілеу бойынша 77 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

04.11.2024 11:52
2024 жылдың басынан бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 77,2 мыңнан астам өтінім қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.