Жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша қажетті талаптар бар – ӨҚМ

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша қажетті талаптар бар – ӨҚМ
Фото: Үкімет 06.11.2024 11:07 403

Мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді. Қолданыстағы нормативтік база мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша барлық қажетті талаптарды қамтиды.

Атап айтқанда:

➤ сәулет-жоспарлау тапсырмасында және жобалауға арналған тапсырмада қолжетімділік бойынша міндетті талап;

➤ жобада сараптама сатысында қолжетімділік шарттары болмаған кезде жобаны пысықтауға жіберу;

➤ құрылыс кезінде кедергісіз орта бойынша талаптарды орындау;

➤ құрылыс барысында кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша авторлық және техникалық қадағалау тарапынан бақылау;

➤ абаттандыру кезінде кедергісіз ортаны қамтамасыз ету;

➤ қол жетімділік жағдайларын жасау үшін көршілермен пәтерді қайта құру туралы келісу қажеттілігін жою;

➤ қол жетімділік бойынша жобалау-сметалық құжаттамадағы жеке бөлім;

➤ мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді растау үшін объектілерді қабылдау кезінде әлеуметтік қорғау органдарының қатысуы;

➤ бюджет есебінен тұрғын үйлерді жоспарлау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін пәтерлердің кемінде 5%-ын қамтамасыз ету жөніндегі міндет орындалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға