Мүгедек жасөспірімнің құқығын бұзған әуе компаниясы жауапқа тартылды
30.01.2025 15:07
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Бас көлік прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе компаниясы жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың 3 қарашасында Санкт-Петербург-Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген.
Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды. Әуе компаниясы қызметкерлерінің мүгедек арбасының қажеттілігі туралы қате хабарламасы уақтылы қызмет көрсетілмеуге себеп болған, - делінген мәліметте.
Прокуратура толтырған акті бойынша әуе компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

