Жаңалықтар

Мұғалімдерге сыйлық беруге қатаң тыйым салынады. «Соңғы қоңырау» өтпейтіні туралы хабар тарады

Мұғалімдерге сыйлық беруге қатаң тыйым салынады. «Соңғы қоңырау» өтпейтіні туралы хабар тарады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.05.2023 11:15 22299

Биыл мектеп бітіруші түлектердің «соңғы қоңырау» салтанатты кеші қарапайым түрде өтуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Өйткені әлеуметтік желіде осындай хабар тарап жатыр. Мысалы, Instagram желісінде 900 мыңнан жазылушысы бар Сәуле Бикитеева Алматы облысы, Қарасай ауданына қатысты пост қалдырған.

Оқу-ағарту министрлігі, облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімі тараптарынан 2022-2023 оқу жылын аяқтау туралы берген нұсқаулығына байланысты биылғы оқу жылы 31 мамыр күнімен аяқталады. 31 мамыр күні мектеп алаңында жалпы сапқа тұрғызып өткізетін «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болмайтын болды, -деп жазды блогер.

Ол сабақ кестесі бойынша барлық сабақтар өткізілген соң, оқу жылының соңғы сынып сағаты әрбір сынып бөлмесінде 45 минут ұзақтықпен өткізіледі. Оқу жылын үздік бітірген оқушыларға мақтау қағазын мектеп басшысының атынан сынып жетекшілері табыстайды деп отыр.

Мұндай жаңалықты өзге облыстар да растап жатыр. Мысалы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов мектеп ұжымдарымен кездесуде мектеп бітіру кеші міндетті түрде білім ошағында немесе ауласында өтуі, түлектердің мектеп формасымен қатысуы және барынша қарапайым түрде болуы міндеттеледі деп айтты.

Сонымен бірге кешті ұйымдастыру үшін ана-аналардан ақша жинамау, ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар беруге қатаң тыйым салынады. Салтанатты шараларды мектептің қолда бар мүмкіндігімен ұйымдастыру керектігі ескертіледі. Сондай-ақ табиғат аясына серуендеуге, өзен-көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне де тыйым салынған, - дейді Ерлан Боданов.

Бұған қатысты Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығы да шыққан. Оқу-ағарту министрлігі ресми хабарды 15 мамырда жариялаймыз деп отыр.

Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиев жазба қалдырды. Ол соңғы қоңырауға байланысты мектепте тікұшаққа тапсырыс берген ата-аналар барын айтқан.

Оны қалай түсінуге болады? Барлығы баламыздың көңілі үшін дейді. Ол қандай көңіл? Ал бала қауіпсіздігіне кім жауап береді? Апат айтып келмейді. Соңғы қоңырау күндері қаншама мектеп бітірушілер жол апатына ұшырап, таудан құлап мерт болған жоқ па? , - дейді Жанат Тәжиева.

Айта кетейік, биыл оқу жылының соңғы күні мен зұлмат жылдарды еске алу күні тұспа-тұс келеді. Сондықтан Мәжіліс депутаты «соңғы қоңырау» кешін 1 маусымға ауыстыртқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға