Жаңалықтар

Мұғалімдерге қанша теңгенің гүлін сыйлауға болады? Антикор не дейді

Мұғалімдерге қанша теңгенің гүлін сыйлауға болады? Антикор не дейді
Фото: pixabay.com 22.08.2024 16:41 466

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдердің 1 қыркүйекте және басқа да мерекелерде гүл мен сыйлықтарды қабылдауға болатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, егер мұғалім өзінің қызметтік өкілеттігіне байланысты қандай да бір іс-әрекеттерді сыйлаушының пайдасына жасамаса, 1 қыркүйекке оқушылардың, ұжымның, үшінші тұлғалардың мұғалімдерге сыйлықтар, оның ішінде гүл шоқтарын сыйға тартуына тыйым салынбайды.

Егер құны 5 АЕК-тен (18 460 теңге) асатын гүлдерді және сыйлықты сыйға тартылған адамның донордың пайдасына жасаған іс-әрекеттері арасында себеп-салдарлық байланыс орнатылса, онда мұндай сыйлықты, гүлдерді сыйға тарту ҚК-нің 247-бабы бойынша мұғалімнің қылмыстық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға