Мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш 10 шілдеге дейін қабылданады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
07.07.2023 21:48
456
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өтініш 6-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Ескерту: бос орындар қалмаған жағдайда өтініш қабылдау мерзімінен бұрын аяқталады. Ал педагогтың білімін бағалау емтиханы 10-19 шілдеге жоспарланған.
Білім бағалау сынағына келесі топтар қатыса алады:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа); - жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
- қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
- педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (күндізгі бакалавриат, қысқартылған бакалавриат, магистратура);
- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
- педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр