Жаңалықтар

Мұғалімдерді аттестаттау тәртібі өзгереді

Мұғалімдерді аттестаттау тәртібі өзгереді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.08.2023 11:08 15026

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Оның сөзінше, педагог-зерттеуші мен шебердің біліктілік санатын беру тәртібі қайта қарастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұған дейін педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алып тасталынған еді. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша және модератор мен сарапшыға ауысқан кезде ғана тестілеуден өтеді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес барлық педагогтердің еңбек жағдайлары жақсарды. «Педагог» кәсіби стандарты педагогтің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етеді. Оның негізінде педагогтерге, аттестаттауға және біліктілікті арттыру жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралады, - деді министр.

Мұғалімдердің 63%-ы аттестаттауда біліктілігін дәлелдегені үшін қосымша ақы алады

Ведомство басшысы берген ақпаратқа сәйкес, 2012 жылдан бастап еліміздің 620 педагогі «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы атанды және оның нәтижесі бойынша 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп педагогтерінің жалақысы тағы 25% өсті. Бүгінгі таңда 217 мың (63%) мұғалім жаңа жүйемен аттестаттау қорытындысы бойынша негізгі жалақыға қосымша ақы алады.

Ұлттық платформа негізінде мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылады. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталады.

Сонымен бірге педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу де алып тасталынды. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша және тек қана модератор мен сарапшыға ауысқан кезде ғана тестілеуден өтеді.

Болашақта педагог-зерттеуші мен шебердің біліктілік санатын беру тәртібі қайта қарастырылады, - деді ол.

Министрлік жанынан Республикалық ардагерлер кеңесі құрылды

Министрдің сөзінше, ұзақ жылдық тәжірбиесі бар, еңбегі сіңген ұстаздарды дәріптеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күні кеше отандық білім беру саласына еңбегі сіңген, беделді азаматтардың басын қосып, министрлік жанынан Республикалық ардагерлер кеңесін құрдық. Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі нәтижесінде әріптесім, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы төраға болып сайланды. Мұндай кеңестер мектептен облысқа дейін елдің әр өңірінде құрылуы тиіс, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға