Жаңалықтар

Мұғалім шырша безендіремін деп құлады: білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Мұғалім шырша безендіремін деп құлады: білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 23.12.2024 12:36 141

Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлаған болатын. Осы жайттан соң қаланың білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Семей қаласының білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында, - деп атап өтті Ахметқалиев.

Бұған дейін шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқаны, оның жағдайы тұрақты екені айтылған. Ол ауруханаға 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген. Науқасты ертең жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға