Жаңалықтар

Мұғалім қыздар мен ұлдар арасындағы басты айырмашылықты көрсетіп жұртты күлдіртті

Мұғалім қыздар мен ұлдар арасындағы басты айырмашылықты көрсетіп жұртты күлдіртті
Фото: instagram.com/botagoz666 13.03.2025 17:20 808

Әлеуметтік желіде танымал болған ауыл мұғалімі Ботагөз Омарова қысқа әрі күлкілі видео арқылы орыс тілі мен әдебиетті үйретіп келеді. Ал бұл жолы ұстаз қыздар мен ұлдардың өсу қарқынына қатысты айырмашылықты көрсетіп, оқырманды күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Омарова алдымен 5-сынып оқушыларын, сонан соң 11-сынып оқушыларын көрсеткен. Видеоның бірінші бөлігінде қыздардың ұлдардан бойы едәуір ұзын болса, екінші бөлігінде ұлдардың сыныптас қыздардан анағұрлым ұзын екендігін көруге болады.

Көпшілік мұғалімнің видеосынан соң мектеп кезіндегі естеліктерін бөсіліп жатыр.

«1 қыркүйек күні 7 сыныпқа келгенде, үш ай ішінде біздің сыныптың ұлдарының ағай сияқты болып кеткенін көріп таңғалғанбыз», «Бесінші сыныптан соң жазғы демалыстан оралған сынып қыздары көзімізге годзилла секілді көрінген», «Рас, біздің сыныптың ұлдары 11 сыныпқа келгенде адам танымастай өзгеріп кеткен еді», «Ұлым жетінші сыныпта бәрінен кішкентай еді, ал 11 сыныпта – бәрінен ұзын», «Жазғы демалыстан соң бір-бірімізбен қайта танысатынбыз», - деп жазған оқырман қауым.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бота Омарова (@botagoz666)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға