Жаңалықтар

Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты мәлімдеме жасады

Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 21.11.2024 15:35 604

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мүфтият құрамында алкоголь бар энергетикалық сусындарды ішпеу керектігін айтты.

Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады, - делінген мүфтияттың мәлімдемесінде.

ҚМБД үндеуінде кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат екені айтылған. Сонымен қатар мүфтият энергетикалық сусындардың денсаулығы зиянына да тоқталған.

Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс, - деп мәлімдеме жасады ҚМБД.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға