Жаңалықтар

«Мойнында жіптің ізі, денесі көгерген». Сотта Салтанаттың көмекшісі куәлік етті

«Мойнында жіптің ізі, денесі көгерген». Сотта Салтанаттың көмекшісі куәлік етті
Фото: Видеодан кадр 10.04.2024 12:20 1474

Салтанат Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова сот отырысында Қуандық Бишімбаевпен таныстықтан бастап, тұрмысқа шыққаннан кейінгі қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев 2022 жылдың 4 маусымында Салтанат Нүкенованың консультацияға жазылған. 

Ол концультация алғысы келетінін жазды. Мен Салтанаттың ер адамдарға консультация өткізбейтінін айттым. Сосын Камила есімді қыз консультацияға жазылды. Ол досымен бірге келетінін айтты. Салтанат екеуіміз қызы мен жігіті екен деп ойладық. Оларды консультацияға жаздым. Екі аптадан кейін Камилла Салтанатқа қоңырау шалып, досымен кездесуді сұрады. Салтанат "Ол бұрын үйленген, бүкіл қазынаны ұрлаған, онымен танысқым келмейді", деп жауап берді, - деді Анар Тасова.

Куәгер олардың үйленгенінен кейін Салтанат Нүкенова консультация жүргізбей қойғанын айтты. Ал үйленгенге дейін күніне 2-3 адам қабылдап, айына 3-4 миллионға дейін табыс тапқан. Сонымен қатар, Анар Тасова Салтанат Нүкеновмен Шымкентте кездескен сәтін еске алды.

Мен Салтанатты Қуандықтың үйінен алып кеттім. Сол кезде көңіл-күйі жоқ екенін байқадым. Бетінен соққы ізін байқамадым. Себебі ол боянып алған еді. Бірақ мойнының сол жақ бөлігінде жіптің ізі болды. Тіпті екеуміз бірге түскен суретте де көрініп  тұр. 5 шілдеде Салтанат екеуміз селфи жасағанбыз. Салтанат бір қырын беріп түсті. Мен мұның бәрін көрген соң дәретханаға бірнеше рет барып, жылап алдым. Ол сол күні ашық көйлек кигендіктен білегінің бәрі көгеріп тұрғанын көрдім, - дейді куәгер.

Сондай-ақ Анар Тасова Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Балтабайқызына гүл алған сәтін де айтып берді.

Қаңтар айының соңында Салтанат Қуандықтың анасына гүл сатып алу туралы өтініш айтты. Әрине келістім. Салтанат телефон соғып, тапсырыс беру керек екенін, Альмира Болтабайқызының мерейтойына арналғанын айтып жатты. Арғы жағында Қуандық "Министрдің анасына деп айтыңыз, мен бәрін тексеремін" деп айқайлады. Мен оның осындай дөрекі дауысына таңқалдым, – дейді Салтанат Нүкенованың көмекшісі.

Куәгер Анар Тасова Салтанат Нүкенова Шымкентте жүрген кезінде бірнеше рет түнде хабарласқанын, алайда телефонды Қуандық Бишімбаевтың тартып алғанын да айтты. Сондай-ақ бірнеше рет жүгін жинап, Шымкенттен Павлодарға кетпек болғанын да атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға