Мопедтерді тіркеу мерзімі ұзартыла ма? Вице-министр жауап берді
02.04.2025 15:17
Фото:
©Pixabay.com
Мопедтерді тіркеу мерзімі ұзартылмайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, көліктерді тіркеу үшін онсыз да ұзақ мерзім берілді.
Уақыт жеткілікті болды. Соңғы уақытта күн сайын тіркелуге, жүргізуші куәлігін алуға үндедік. Тағы да қайталап айтамын, 5 сәуірден бастап, егер азамат мопедті мемлекеттік нөмірсіз және жүргізуші куәлігінсіз басқарса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады! – деп кесіп айтты Лепеха.
Ол сондай-ақ мопедті тек жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана басқара алатынын атап өтті. Жүргізуші құқығынан айырылған адамдарға бұл қызмет көрсетілмейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

