Жаңалықтар

Мониторинг нәтижесінде 350 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылды

Жылу мен жарық және жол жөндеу салалары бойынша сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде
Мониторинг нәтижесінде 350 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылды
Фото: El.kz 09.12.2022 15:05 1840

Жыл басынан бері 66 мемлекеттік мекемелер бойынша 228 мониторинг өткізіліп, құжаттамаларға сай емес тергеу және анықтау жұмыстары жүргізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу туралы баяндамасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Облыстар арасында соңғы жүргізілген жұмыстар бойынша 300 млн теңгеден астам бюджет мемлекетке қайтарылды. Артылған қаржы сол облыстағы әлеуметтік нысандардың құрылысына немесе басқа да аймақ қажеттілігіне өтеді. Жол құрылысына бөлінген қаражат та квартал сайын тексеріліп отырады. 2023-2025 жылға бекітілген жоспар бойынша жол жөндеуге 643 млр теңге бөлінбек, ол – 73 пайыз жолды толық жөндеуге жұмсалады», дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов.

Төрт облыстың жол жөндеу жұмысына тексеру жүргізу барысында:

-Шымкентте орташа жөндеу кезінде анықталған негізсіз шығын – 234,8 млн.теңгені құрады;

-Жетісу облысында сметалық құжаттаманы жасау кезінде жұмыс құнының негізсіз – 34,1 млн теңге өскені анықталып, қаражат әкімдікке қайтарылды;

-Ақтөбе облысы бойынша 50 мың шаршы метрден астам аумақтарда толық жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Нәтижесінде шығын – 74,2 млн теңгені құрады. облыс бойынша барлығы 190 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз пайланылуының алды алынған:

-БҚО жол жөндеудегі қателіктердің алды алынды. Қайта жөндеу жұмысына – 42,7 млн ​​теңге жұмсалды.

Жемқорлықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде тексеріс өткізу арқылы жүзеге асады. Уақытылы қабылданған шаралар мемлекеттік қаражының дұрыс қолданысқа кетуін қадағалайды. Қайтарылған бюджет әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінеді. Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат мектеп және балалар алаңының құрылысына аударылды.

Әлеуметтік көмекке бағытталған қызметтер арасында да олқылықтар байқалды. Шығыс Қазақстан облысында І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуші ұйымдар жұмыстарын дұрыс орындамаған. Сондықтан қазіргі таңда арнайы бағдарлама ойластырылып, қызметкерлердің жұмысы қатаң бақылауға алынды.

«Жаңа программада әлеуметтік көмекшінің қай бағытта екенін тексеріп отыруға мүмкіндік бар. Керек уақытта, керек жерде болуы қатаң бақыланатын болады. 8000-ға жуық адам аталмыш бағдарламаға жақсы пікір білдірді. Осы сынды күнделікті қолданыста болатын цифрландыру жобаларын қарастырып жатырмыз. Сонымиен қатар бұл бағдарламалар интернет желісіз, яғни офлайн режимде де жұмыс жасауға қолайлы», деді Саян Ахметжанов.

Соңғы жүргізілген моноторинг бойынша, қазан айында Қарағанды облысында электр энергетикасы бойынша заңсыз тариф өсімі байқалған. Тексеріс барысында ұйымда бағаның өсуін растайтын құжат табылмады.  Нәтижесінде уәкілетті органдардың шешімімен халықтың 2,5 млрд теңге артық төлем жасауының алдын алды.

Қазіргі таңда Екібастұзда орын алған апат бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық мекендер бойынша жылу және жарықпен қамтамасыз ететін мекемелерді тексеру басталды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға