Моңғолиядан көлік әкелмек болған қазақстандық екі азамат Ресейде сотталып кетті
28.05.2023 15:20
2183
Ресейдегі Алтай Республикасының аудандық соты Моңғолиядан көлік тасыған екі қазақстандыққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sputnik.kz-тің жазуынша, осы өңірдің кеден қызметі сот материалдарына сәйкес, Қазақстанның екі азаматы Моңғолиядан көлік сатып алып, Ресей арқылы өз еліне алып келмекші болғаны үшін айыпталғанын мәлімдеді.
Бірақ көрші мемлекетте құжат рәсімдемеу үшін кеденшіге ірі көлемде пара берген. Қазақстандықтар Ташантинск кеден бекетінің қызметкеріне 4 мың доллар беріп жатқан жерінде қолға түсіп, оларды Алтай кедені бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім қызметкерлері ұстаған.
Сот Қазақстан азаматтарын Ресейдің Қылмыстық кодексі 291-баптың 4-бөлігіндегі екі тармақпен қарастырылған "лауазымды тұлғаға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде пара беру" бойынша кінәлі деп танылды. Әрбіреуі бір миллион рубль (5 630 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеу жазасына тартылды ", - деп жаздыған ресми мәліметте.
Алтай Республикасының Қос-Ағаш аудандық соты шығарған сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енбеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға