Моңғолияда тұратын қазақ азаматы бодибилдингтен әлем чемпионатында жүлде алды
11.11.2023 11:51
Фото:
Ашық дереккөзден
Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Еркебұлан Байытұлы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бодибилдинг және дене шынықтыру бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Power Nutrition тобының спортшысы өзін сахнада бұлшық еттері арқылы дәлелдеп, әлемнің үздіктерінің қатарына еніп отыр. Бүгінде Моңғолияда бодибилдингпен тұрақты айналысып, бапкерлік қызметті қоса атқаратын Еркебұлан Байытұлы көптеген жарыстардың жеңімпазы.
Оңтүстік Кореядағы емен алқабындағы курортта бодибилдинг және дене шынықтыру спортынан 14-ші әлем чемпионатында қазылар алқасы қандасымыздың ерекшелігіне назар аударған.
Этникалық қазақ спортшысы бүгінде Моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұрады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

