Жаңалықтар

Моңғолия мемлекеті болашақта ШЫҰ-ға енуі мүмкін – Ерлан Ахмеди

Моңғолия мемлекеті болашақта ШЫҰ-ға енуі мүмкін – Ерлан Ахмеди
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ 04.07.2024 11:36 622

Елордада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтіп жатыр. Жиынға келген халықаралық саяси сарапшы Ерлан Ахмеди ШЫҰ-ның ерекшелігін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының сөзінше, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басында «Шанхай бестігі» атауымен қауіпсіздік негізінде құрылған. Оған құрылтайшылар болып Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан мемлекеттері кірген.

2001 жылы «Шанхай бестігі»  ұйым ретінде тұрақты жұмыс істей бастайды. Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы «Шанхай ондығы» болып көбейеді. Яғни қатарға Беларусь қосылады, – деді ол.

Ерлан Ахмедидің айтуынша, ШЫҰ саммиті плюс форматында өтіп жатқандықтан, оған түркі мемлекеттері, араб мемлекеттерінің басшылары қатысуда. Сондай-ақ жиында Моңғолия мемлекеті бақылаушы болып отыр. Болашақта бұл елдің де ұйымға енуі мүмкін.

Қазіргі таңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына деген қызығушылық өте жоғары. Бұрындары ол тек азиялық мемлекеттер ғана қосылған ұйым ретінде қабылданса, бүгінде еуразиялық ұйымға айналуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы нәтижелі, сәтті, халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады деп баға берген болатын, – деп атап өтті халықаралық сарапшы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға