Жексенбі күні Молдовада мерзімінен бұрын парламенттік сайлауы өтті. Қазіргі уаөытта ел аумағындағы барлық сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды Риа Новостиге сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Дауыс берушілер саны 33,3%-дан асып, сайлау заңды деп танылды. Парламентте барлығы 101 орын бар. Оған өту үшін тәуелсіз кандидаттар кемінде 2% дауыс, партиялар – 5%, ал блоктар – 7% дауыс жинауы тиіс.
Полицияның соңғы мәліметінше, дауыс беру күні 200-ден астам заңбұзушылық жайлы хабар түскен. Олар үгіт жүргізу, дауыс беру құпиясын ашу және өзге де тәртіп бұзушылықтармен байланысты. Алайда байқаушылардың айтуынша, нақты бұзушылықтар саны 600-ден асады.
Сайлауға барлығы 22 үміткер қатысты: 14 партия, 4 блок және 4 тәуелсіз кандидат. Бастапқыда кандидаттар саны көп болғанымен, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы «Ұлы Молдова» партиясының тіркеуін жойды. Осы партияға берілген дауыстар жарамсыз деп саналады.

