Коллаж El.kz

Мөлдір Әуелбекованы кешіре алмадым - Бағым Мұхитденова

14.07.2025 11:48

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында "КешYOU" тобының бұрынғы солистері тарапынан бірнеше рет көңілі қалғанын ашық айтты деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, шоу-бизнес әлеміндегі реніш пен түсінбеушіліктер уақыт өте келе орнына келіп отырады, алайда кейбір жағдайлар жүректе ұзақ сақталады.

Продюсер әсіресе "КешYOU" тобының экс-мүшесі Мөлдір Әуелбекованың әрекеттерінен қатты көңілі қалғанын жеткізді.

Ең ұзақ уақыт бойы кешіре алмаған адамым — Мөлдір Әуелбекова. Топтан кеткенде әдемі қоштаса алмай, ренжітіп кетті. Кейін берген сұхбаттарында айтқан жалған, шындыққа жанаспайтын сөздері менің жанымды ауыртты. Ренжіп, жылаған да сәттерім болды. Кейде реніш жүректе тым ұзақ сақталып қалады екен, - деді Бағым Мұхитденова.

Дегенмен уақыт — бәріне ем. Продюсердің айтуынша, арада біраз жылдар өткен соң, Мөлдір Әуелбекова өз қателігін түсініп, кешірім сұраған.

Бәрі орнына келді. Мен күте білдім. Қазір араласып тұрамыз. Ешқандай реніш қалмады, - деп атап өтті.

Бұл оқиға отандық шоу-бизнесте продюсер мен әртіс арасындағы қарым-қатынас оңай еместігін, бірақ түсіністік пен кешірімнің маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.