Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қарым-қатынасы туралы айтты

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova 16.02.2024 15:47 3459

Қазақстандық әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова Instagram-да оқырмандарының жеке өміріне қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырмандар екі рет айырылысқан өнер иесінен өз-өзіне келу процесі қаншалықты қиын болғанын сұраған.

Менің жағдайым өзгелерге қарағанда бөлек. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни мен қаржылай тәуелді болған жоқпын. Сондықтан күйеуіне тәуелді әйелдерге қарағанда маған күйеусіз әрі қарай өмір сүріп кету қиын болған жоқ. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды тұрған жоқпын. Ол жұмыс бабымен басқа қалада, мен енеммен басқа қалада тұрдым. Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де босанған соң 20 күннен соң жұмысқа шығып, өз-өзіме қолдау болдым. Бала күтімімен отырған әйелдердің қатарынан емеспін. Жұмысқа кірісіп кетіп, көңілімді жұмыспен аулап, күйзелістен тезірек шығуға тырыстым. Әрі әрдайым ата-анам қасымда болды, – деді әнші.

Әншінің сөзіне қарағанда, бірінші күйеуімен араласпайды. Дегенмен екінші күйеуі тұрақты көмек көрсетіп тұрады екен.

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қарым-қатынасы туралы айттыМөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қарым-қатынасы туралы айтты

Арыстанмен (Мөлдір Әуелбекованың бірінші күйеуі - ред.) араласпаймыз, нақтырағы, ол менімен араласпайды. Екі-үш рет ересек адамдар секілді сөйлесуге шақырғанмын, әзірге дайын емес секілді. Уақыт өте есейіп, ересек адамның ұстанымын ұстанатынына күмәнім жоқ.

Қуанышпен ашық отырып сөйлесіп, қызымызға жақсы ата-ана болу мақсатында «сау қарым-қатынаста» қалу туралы шешім қабылдадық. Қызына жиі-жиі келіп тұрады. Қажеттілігін өтеп, көмектесіп тұрады. Өз басым қандай жағдай болса да балаларымның әкелері ретінде сыйлаймын. Тілекші, жанашырымын. Бақытты болсын! – деп жазды Әуелбекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға