Жаңалықтар

«Мобильді академия» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

«Мобильді академия» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр
14.04.2023 11:22 1495

Академия бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі А.М. Сайтбековтің басшылығымен жұмыс тобы әзірлеген Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының «Мобильді академия» пилоттық жобасы 2022 жылы еліміздің бірқатар өңірінде сәтті іске асырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ішкі істер министрлігі жобаның пайдасын бағалай отырып, министрдің бұйрығымен орта және басшы құрамды даярлау курсын өткізудің басқа ведомстволық оқу орындарының 2023 жылға арналған жоспарын бекітті. Биыл Алматы академиясы үшін жоба Маңғыстау облысының ПД-нен басталды, курс «ІІО қызметіндегі жобалық басқармалар» тақырыбында өткізілді.

Оқытудың мақсаты - елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріндегі өзгергіштіктің жоғары деңгейі жағдайында ұйымды басқарудың заманауи тұжырымдамасы ретінде мемлекеттік органдарда жобалық басқару саласындағы білімді қалыптастыру.

Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі К.Ж. Кобландин танысу бөлімінде қазіргі уақытта елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірінің жоғары өзгергіштігі жағдайында стратегиялық менеджмент теориясы мен практикасы саласында білімді қалыптастыру ұйымды басқарудың заманауи тұжырымдамасы ретінде қажет екенін атап өтті.

Оқыту барысында профессор-оқытушылар құрамы – полиция полковниктері М.Б. Токсанова және Н.И. Ибраимова, полиция майоры А.К. Бекишев ІІО жүйесінде ішкі істер органдары басшылығының практикалық қызметінде стратегиялық талдау және жоспарлау әдістерін қолдануды дамыту, мемлекеттік органдарда жобалық басқару саласында білімді қалыптастыру, полицияның проблемалық-бағдарланған қызметін енгізу үшін қолданылатын әдістермен және сервистік модель жобасын іске асыру шеңберінде полиция қоғаммен әріптестік нысандарымен танысу мақсатында берілген тақырып бойынша барынша ақпарат берілді.

Оқыту курсын ІІО кәсіби-психологиялық даярлық және басқару кафедрасының доценті полиция полковнигі М.Б. Токсанова дайындаған, ІІО жүйесінде жобалық басқаруды енгізу заңдылықтары мен жолдарын зерттеуге бағытталған кейс бастаған.

Тыңдаушылар курс тақырыбына алғашқы күннен бастап қызығушылық танытты.

Мәселен, сабақтың практикалық бөлігінде ІІО қызметін ұйымдастырудың проблемалық мәселелері белсенді талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді. Топта жұмыс істей отырып және жоба жарғысын жасау дағдыларын үйрене отырып, тыңдаушылар өз идеяларын таныстырып, оларды жоба шеңберінде іске асыру мүмкіндігін негіздеді.

«Мобильді академия» жобасы бойынша дайындық курсының бағдарламасына «Полицияның сервистік моделінің стратегиялық міндеттері» тақырыбы енгізілді. Осы тақырыпты аша отырып, қазақстандық полицияның қазіргі кезеңдегі миссиясына баса назар аударылды. Тыңдаушылардың назарын полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне, халықтың сеніміне қол жеткізу үшін сервистік модельдің маңызды элементі ретінде аударды. Полицияның жаңа үлгіге көшуінің осы және басқа да мәселелері кәсіптік-психологиялық даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция полковнигі Н.И. Ибраимова өткізген сабақтарда қаралды. Пікірталас түрінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі жобасының іске асырылу барысы талқыланды, полиция қызметіне жаңа тәсілдерді енгізу үшін қызметкерлерді жүйелі оқыту қажеттілігі атап өтілді.  

Интернет кеңістігінде интернет-алаяқтық пен басқа да құқық бұзушылық түрлерінің көбеюіне байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері білім алушылардың кәсіби қызығушылығын тудырды. Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының бастығы PhD докторы Бекишев А.К. Интернет желісінде ақпарат алу бойынша кейс көрсетті, кибергигиенаны сақтау, киберқылмыстарды анықтау және ашу бойынша енгізіліп жатқан заманауи ақпараттық жүйелер туралы мәселелерді қарады.

Курсты аяқтағаннан кейін Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры А.С. Дүйсембаев оқудан сәтті өткен қызметкерлерге сертификаттар табыстап, Алматы академиясының тренерлеріне осындай курстарды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, «Алғыс хат» табыстады.

«Мобильді академия» курсы өңірлерде жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға